Қостанай облысында бруцеллез жұққан мал көбейді

Қостанай облысында бруцеллез мал көбейді.

Қазір Ұзынкөл, Сарыкөл және Қарабалық ауданында санитарлық шектеулер енгізілді. Шаруа қожалықтарында малды сырттан әкелуге, не шығаруға тыйым салынған. Жұқпалы індет 350-ден астам ірі қарадан анықталды. Ауру тараған елді мекендерде эпизоотияға қарсы республикалық отряд дезинфекциялық жұмыстар атқарып жатыр. Мамандар ережеге сәйкес жануарлардан екі рет қан сынамасын алады. Сол екі жағдайда бруцеллез расталмаса, бұрынғы шектеулер жойылады. Жалпы биыл аймақ бойынша бруцеллезге қарсы 240 миллион теңге бөлініп, жарты миллионнан аса ірі қараға екпе салынды.

Айнагүл Кушубенова, ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

- Мысалы, Ұзынкөл ауданындағы бір ғана шаруа қожалығының өзінен 327 ірі қарадан бруцеллез табылды. Ауру малдың көзі жедел түрде жойылды. Қазір шаруашылықта қатаң шектеулер енгізілді. Сиыр сүті тек пастерленген күйінде өңдеушілерге жөнелтіледі.