Тараз автопарктері жаңа автобустармен толықты

Тараз автопарктері жаңа автобустармен толықты. Олар 5 бағытқа қатынайды.

Соның арқасында қоғамдық көлік жетіспеушілігі ішінара шешіледі. Қазір қалада 200-дей автобус тапшы. Әкімдік бұл мәселені алдағы 3 жылда ретке келтіреміз деп отыр. Ол үшін биыл тасымалдаушы компанияларға 2 миллиард 200 миллион теңге көлемінде субсидия бөлінеді. Сонымен қатар шаһарда құны 470 миллион теңге болатын 7 техника қолданысқа берілді. Олар Тараз тазалығына пайдаланылады.