Қызылорда облысында заңсыз балық аулаушылар азаяр емес

Қызылорда облысында сәуір айының үшінші он күндігінен бастап көлдерде 40 күн бойы балық аулауға тыйым салынды.

Жыл сайын уылдырық шашу кезеңінде инспекторлар браконьерлерге қарсы күресті күшейтетіні белгілі. Дегенмен, қоршаған ортаның саулығынан, жеке бастың қамын көбірек

Бір қарағанда көл үсті тыныштық орнағандай көрінгенмен мынадай ну қамыстың арасында браконьерлер бой тасалап жүруі мүмкін. Қулығына құрық бойлаймайтын қаскөйлер заң талаптарын да ескере бермейді. Бұған кезекті рейд барысында көз жеткіздік.

Күн көкжиектен көріне бере Қамбаш көлінен ау тартып жүрген бір азамат ұсталды. Оған уылдырық шашу кезеңінде балық аулағаны үшін 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу үшін хаттама толтырылды. Іс сотқа жолданады,-дейді инспекторлар.

Арал Ауданының, тұрғыны:

- Запрет екенін бүгін аяқталады деп ойлап қалдым мен. Кеше салған ау ғой. Бүгін қарадым. Қытай ауы дейді ғой. Тыйым салынған. Жіп аулар табылмайды ғой көп.

Салынған тыйымға қарамастан балықшылардың көл бетінде емін еркін жүруінің себебі де жоқ емес. Бұл су айдындарын пайдаланушылар болғанмен, оның байлығын қорғауға келгенде жауапкершілік таныпайтыны да көрініп қалды.

Есенбай Есіркепов, Арал-Сырдария облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясының бөлім басшысы:

- Бұл учаске немесе көлді алған кезде өзіміз қорғаймыз, өзіміз өсіреміз, өзіміз аулаймыз, Қазақстан Республикасындағы заңдардың шеңберінде жұмыс істейміз деп уәде берген. Дегенмен, қорықшы қызметі бар, бірақ сәл әлсіздеу. Яғни ол кісілер де әкімшілік құқықбұзкшылық туралы хаттама толтыра алады деген сөз. Және қорғай алу керек. Бірақ қазіргі таңда, бүгін қорықшыны көріп тұрған жоқпыз.

Заңсыз балық аулағандарға 10-нан 20 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Ал табиғитқа келген залал бөлек есептеліп, өндіріледі. 

Амангелді Сайманбаев, Арал-Сырдария облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы:

- Ұсталған қаскөйде балықтың құны айлық есептік көрсеткіштің 100 еседен асқан жағдайда биылғы есептеу көрсеткіші бойынша 345 мың теңгеден асқан жағдайда қылмыстық іс қозғалады. 

Арал ауданы бойынша жыл басынан бері 120 заңсыз балық аулау дерегі тіркелген. Оның төртеуі бойынша қылмыстық іс қозғалып, мемлекетке келтірген 2 миллион теңгеден астам залал өндіріліп алынған.  

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин