Астанада қоғамдық кеңестердің бірлескен отырысы өтті

Онда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиясы талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиісті құжат 2028 жылға дейінгі тұжырымдамаға сәйкес бекітіледі. Басты мақсат – қазақстандықтардың өмірін, денсаулығын және мүлкін қорғауды күшейту. Концепция әлеуметтік сауалнама нәтижесіне негізделіп әзірленіп жатыр. Барлық ұсыныс Ішкі істер министрлігіне жолданады.

Айта кеткен жөн, ұсыныстардың дені тұрмыстық зорлық-зомбылықтан сақтану шараларына қатысты.

Баян Тойкебаева, ҚР ІІМ қоғамдық кеңес мүшесі:

- Әлеуметтік желіде көп кісілер бар. Барлық ұсынысты жинап, солардың басын бірге құрып, содан жақсы қоғамға тиімді қауіпсіздік концепциясын қабылдағымыз келіп отыр.