СҚО-да балық қырылды

Аққайың ауданына қарасты Аралағаш ауылы маңындағы Тереңкөлде мөңке балығы жағаға шығып қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге олардың неден өлгені белгісіз. Алдын ала болжам бойынша су қоймасы таяз болғандықтан, қыста түбіне дейін қатып қалған. Салдарынан су жәндіктері тұншығуы мүмкін. Дегенмен балықпен судан сынама алынды. Енді ол зертханада тексеріледі.

Жалпы аймақта 2 мыңнан астам көл бар. Оның тек 300-ден астамы жалға берілген.

Ильдар Кәкімов, Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы бөлімінің басшысы:

- Аталған су қоймасының тереңдігі нәбәрі – 1,5 метр. Шамамен 100-150 келідей балықтың өлексесі жиналып, жойылды. Нақты себебі алдағы уақытта белгілі болады. Жалпы былтыр көктемде өңір көлдерінде 9 рет балық қырылу фактісі тіркелді.