Балаларға арналған қазақ тілді контентті көбейту керек

Балаларға арналған қазақ тілді контентті көбейту керек.

Кеше Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысына қатысқан сарапшылар осындай бастама көтерді. Мұндағы мақсат мультфильм мен ойындарды ана тілімізге аударып, отандық өнімнің санын да, сапасын да арттыру. Қазір көптеген видео мен мобильді қосымша ресми және шет тілдерде ұсынылады. Ал мемлекеттік тілде шығатын туындылар кемде-кем. Анимация мен компьютерлік бағдарлама тым аз. Соның салдарынан бала тілі ана тілінде кеш шығады екен.

Әсел Аманова, ҚХА Павлодар облысындағы ғылыми-сараптама тобының төрағасы:

- Гаджеттер расымен де өскелең ұрпақ өмірінің айнымас бөлігіне айналды. Қаласақ та, қаламасақ та жыл сайын көптеген онлайн ойындар шығып жатыр. Ең өкініштісі, олар қазақ тілінде әзірленбейді. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері отандық цифрлық индустрияның дамуы мен қазақ тіліндегі контенттің шығуын және ойындардың аудармасын бастама ретінде көтерсе жақсы болушы еді.