Қ. Тоқаев: Көк төлқұжат пен ту – бірегейлік нышаны

«Көк төлқұжат азаматтық бірегейлікті танытады. Ал көк байрағымыз Қазақстанның тәуелсіздігін, мемлекеттілігін бейнелейді».

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының бүгінгі сессиясында осылай деді. Ол төлқұжат пен туымызды жалпыұлттық бірегейліктің нышаны ретінде атап өтті. Ал Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин: "Аталған форум еліміздегі маңызды саяси оқиғалардың бірі", - дейді. Сондай-ақ Президент сөзін түйіндей келе: "Жалпыұлттық бірегейлікті әлеуметтік-саяси, экономикалық және рухани құндылықтарды негізге ала отырып, табиғи әрі тарихи жолмен қалыптастыру және дамыту керек", - деп жазды Telegram каналында.