Түркияның ІТ бизнесі Қазақстанмен тығыз жұмыс істеуге ниетті

Астанаға келген делегация екі күн бойы жаңа жобаларды таныстырады.

Келешекте жүзеге асуы тиіс жобаларды талқылайды. Бұл – тараптардың алғашқы кездесуі емес. Бір жыл бұрын Бағдат Мусин бастаған жұмыс тобы Түрік еліне барып қайтқан еді. Сапар барысында цифрлық индустриядағы әріптестік туралы келісім жасалды.

Мағжан Мәдиев, Astana Hub технопаркінің бас директоры:

- Біз түрік нарығы бизнес үшін тартымды, үлкен және тұрақты дамып келеді деп есептейміз. Қазір өзіміздің компаниялардың түрік нарығына шығуына, ол жақпен байланыс орнатуға көмек көрсетіп жатырмыз.

Фарук Иналтекин, Билкент киберпаркінің бас директоры:

- Арнайы келген 18 түрік компаниясы осында бірнеше кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Біздің мақсатымыз – Қазақстан нарығымен әріптестік байланыс орнату. ІТ сала қызықтырады. Яғни ақпараттық технологияны, жасанды интеллект, киберқауіпсіздікті дамытуға қатысты жоспарымыз бар.