«АрселорМиттал Теміртау» өз қызметкерлеріне хоккеймен тегін шұғылдануына жағдай жасап келеді

«АрселорМиттал Теміртау» Акционерлік Қоғамы 1998 жылдан бері өз қызметкерлеріне хоккей спортымен тегін шұғылдануына жағдай жасап келеді.

Ширек ғасырлық қолдау нәтижесінде мұз айдынының додасына  түсетін металлургтердің бірнеше буыны қалыптасты. Бүгінде олар әуесқой клуб құрып, өзара сынға түсетін деңгейге жетті.  

«АрселорМиттал Теміртау»  Акционерлік Қоғамының қызметкері Рашид Құттыбаев 1968 жылдан бері хоккеймен шұғылданады. Қазір ол әуесқой ойыншылардан жасақталған «Магнитка» клубының шабуылдаушысы.  

Рашид Кұттыбаев, "Магнитка" хоккей клубының ойыншысы: 

- Компания жұмысшыларының хоккей ойнауға деген қызығушылығы зор. Себебі ойын барысында көңіл күй көтеріледі. Қызметкерлердің достығы нығайып, қарым-қатынасы, денсаулығы жақсарады.

Олег Цыганов та «Магнитка» клубының ойыншысы. Ол компанияда өндірістік учаске бастығы болып еңбек етеді. «Командамыз жұмысшылардан жасақталса да кәсіби клубтағыдай жаттығамыз»,- дейді ол.  

Олег Цыганов, өндірістік учаске бастығы: 

- Командадағы ойыншылардың 90 пайызы комбинат қызметкерлері. Яғни олар қарапайым цехта еңбек ететін жұмысшылар. Жарысқа түскен сайын бізде командалық рух пайда болады. Ұжымның ауызбіршілігі артып келеді.

25 жыл бұрын «АрселорМиттал Теміртау» Акционерлік Қоғамының  басшылығы мен спорт сарайы директоры арасында мемарандум жасалған. Сол әріптестік байланыс негізінде қос тарапқа тиімді ауқымды жұмыс атқарылды.

Александр Давидюк Теміртау қалалық "Мұз айдыны" спорт сарайының директоры:

- «АрселлорМиттал Теміртау» акциионерлік қоғамына әріптестік байланыс үшін көп рахмет айтқым келеді. Себебі компаниямен жасалған мемарандум аясында 2010 жылы демеушілік жасалып, спорт кешені күрделі жөндеуден өтті. Тоңазтқышы  ауыстырылды, мұз айдынын тазалайтын техника сатып алынды. Өзге де жұмыстар жүргізілді.

Металлургтер аптасына төрт рет мұз айдынына жиналады. Тұрақты түрде өткізілетін жаттығулар мен жарыстардың нәтижесінде ойыншылардың деңгейі жыл өткен сайын жоғарылап келеді.  

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Жеңіс Әбдірешов