Жаңаөзен отандық IT-индустрияның орталығына айналуы мүмкін

Жергілікті мамандардың айтуынша, қала жаңа стартаптарды сынақтан өткізіп ұтымды идеяларды қанаттандыруға өте қолайлы.

Өйткені, жергілікті тұрғындардың сатып алу қабілетті жоғары. Сондай-ақ, қаржыландыруға дайын инвесторлар да көп. Шағын шаһарда қазірдің өзінде түрлі бағытта жұмыс істеп тұрған жобалар бар.

Жаңаөзен - 100 мыңнан аса тұрғыны бар шағын шаһар. Бос көшелерді бойлаған ескі ғимараттар мен қала келбетіне қарап жоғары технологияның ауылы әлі алыс екенін байқауға болады. Дегенмен қалада жобалары сәтті шыққан IT- мамандар көбейіп келеді. Соның бірі Нұрсұлтан Байманов. Ол тамаққа тапсырыс беретін қосымша ойлап тапқан. Жеткізу қызметін Ақтау мен Семей қаласының тұрғындары да қолданады. Айына 15 мыңнан аса тапсырыс қабылдайды.

Нұрсұлтан Балийханов, Жаңаөзен қаласының тұрғыны:

- Егер де айти саласын жасақтау керек болса, Жаңаөзен саласы өте ыңғайлы. Себебі, мұнайлы қала болғаннан кейін адамдардың былай айтқанда орташа зарлптасы жоғары, басқа қалаларға қарағанда. Және қаламыз кіші. Бізде маркетингке ақша аз кетеді. Және сатып алатын адамдар өте көп. Сол себепті айти жобаны тексеріп қарауға керемет қала негізі.

Ендігі мәселе - IT саласы Жаңаөзенге не бере алады? Ең алдымен, қалада жалақысы жоғары жұмыс орындары ашылады. Нұрсұлтанның айтуынша, жаңаөзендік жастардың IT саласында істеуге қарымы да, қабілеті де жетеді. Тиісті технологиялық жабдықтау болмаса да қаладан шыққан білікті программистер бар. Алайда мамандыққа сұраныс болмаған соң, ірі қалаларда жұмыс істеп жүр.

Нұрсұлтан Балийханов, Жаңаөзен қаласының тұрғыны:

- Программалық код жазуға сұраныс болмағаннан кейін көбіне Алматы, Ақаласында жұмыс жасайды. Немесе шетелде жұмыс жасап жүрген тумаластар бар. Бізде програмист адамдар көп. Мысалы, Жаңаөзен қаласынан робот шығаратын жігіттер бар. Жәнеде удар тексеретін аппарат бар ғой, соны қазақша ойлап тауып, қазір қазақстан бойынша сатып жүрген жігіттер бар. Бізде айти жобалар көп жалпы.

Алайда жергілікті биліктің саланы серпілтуге арналған нақты жоспары жоқ. Білікті мамандар қаладан жаппай көшіп жатқанын біледі, бірақ оған қалай тосқауыл қоярын білмей отыр. Дегенмен жаңа технологияларды дамыту маңызды екенін олар жақсы түсінеді.

Нұрберген Худибаев, Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары:

- Не үшін Астана, алматыға кетеді. Өйткені, ол жерде тапсырыс бар, сол үшін сол жаққа кетеді. Бізде енді цифрландыру, автоматтандыру. Олар қатысу керек. Өзен мұнайгазда да ондай қызметтер бар. Болашақ мамандар осылар, өз есебімнен.

Ал жаңаөзендік мамандар ірі IT-компания құрып, программистерге жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беру керек дейді. Сонда көптеген инновациялық жобалар шығады, білімді жастардың көші де тоқтайды.

Авторлары: Бекзат Аманов, Арман Ақшабаев