Талдықорған қалалық білім бөлімінің басшысы пара алу кезінде ұсталған

Талдықорған қалалық білім бөлімінің басшысы 80 млн теңге пара алу кезінде ұсталған.

Оған дейін де ол қарамағындағы есепшілерден жымқыру дерегені жарияламау үшін ауызбастырық ретінде 200 млн теңге талап етіпті. Арнайы операция барысында пара беруші де қолға түсіп, оған қатысты да қылмыстық іс қозғалды.

Естеріңізге сала кетсек осыған дейін білім бөлімінің бас есепшісі 1 млрд теңгеге жуық қаражатпен қашып бара жатқанда ұсталған. Ол өзімен бірге 21 үйдің, 14 пәтердің, 7 комерциялық нысанның құжатын алып кетпек болған. Олардың мемлекетке келтірген шығын көлемі 2 млрд теңгеге бағаланып отыр. Атышулы іске қатысты өңірдегі білім саласын жаппай тексеру басталды.

Мақсат Жебегенов, ОБЛЫСТЫҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаментінің бастығы:

- Қазір тергеу жалғасуда. Бұл ақшаның қайдан пайда болғаны анықтаудамыз. Біздің ойымызша жымқырылған ақшаның 280 млн теңгесі Талдықорғанның білім беру бөлімінің басшысына берілген пара.