Қазақстандық студенттер ағылшын менеджментін меңгеретін болды

Қазақстандық студенттер енді шет аспай-ақ ағылшын менеджментін меңгеретін болды.

Ұлыбританияның Chartered Management институты Есіл университетімен әріптестік орнатты. Британдық институт орталықтары Лондон бизнес және қаржы мектебі, Кембридж аймақтық колледжі сынды беделді білім ордаларында  ашылған. Енді Астанада да әлемдік стандартқа сай білікті басқарушылар даярланады. Бұл Қазақстан ғана емес, тұтас Орталық Азия үшін тамаша мүмкіндік. Яғни, көршілес елдердің азаматтары менеджмент дағдыларын біздің елге келіп ұштай алады. Ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қою рәсіміне  Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Мәжіліс депутаттары, жоғарғы оқу орнының қызметкерлері мен студенттері қатысты.