Елде ғалымдарға қосымша ақша төленеді

Қазір ғылым саласына аса көптен көңіл бөлінуде.

Ғалымдарға мемлекет тарапынан қолайлы жағдай жасау көзделіп отыр. Ғылым комитетінің төрағасы осылай деді. Дархан Ахмед-Зәкидің айтуынша, ғалымдарға еңбекақысынан бөлек, ғылыми дәрежелеріне сәйкес, қосымша қаражат төленетін болады. Ондағы мақсат– жоғары оқу орнында жұмыс істейтін оқытушыларға қолдау көрсету. Сондай-ақ жастардың ғылым саласына деген қызығушылығын арттыру.

Дархан Ахмед-Зәки, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым комитетінің төрағасы:

- Ғылыми саласында, университет саласында жұмыс жасап жүрген ұстаздар мен ғалымдарға қосымша төлемақы төленетін болады. Ол ғылыми атақ пен ғылыми дәрежеге. Ғылыми жобалардың жалпы саны мен көлемі өсті. Яғни жаңа ұсынылып отырған ұсыныстың өзінде ғылыми атаққа қосымша қаржыландыру сол жобалардың ішінде ескерілетін болады. Ол ойлайм, жастардың диссертация қорғаумен қатар, келешекте доценттен кейін профессор атағына дейін жетуге қолдау септігін тигізеді.