Алматыда шекарашы ардагер 100 жасқа толды

Шекарашы, «Қызыл жұлдыз» орденінің екі дүркін кавалері, «Ұлы Отан соғысы», «Құрмет» ордендерінің иегері, отставкадағы полковник Таратунин Николай Александрович бүгін 100 жасқа толды.

1941 жылы соғысқа аттанған ардагер Сталинград және Украина майдандарында жаумен шайқасқан. Жау тылында барлаушы да болды. 1943 жылы ауыр жараланды. Маңдайыма бейбіт өмірге куә болу жазылыпты, дейді ғасыр жасаған ардагер. Николай Александрович үш немере, төрт шөбере сүйді. Мерейтой иесін бүгін әскери қызметшілер, әскери-патриоттық клубтың жасөспірімдері, шекарашылар мен соғыс ардагерлері кеңесі құттықтап, сый-сияпат жасады.

Марат Мажитов, шекарашы, отставкадағы генерал-майор:

– Николай Александрович біз үшін батыр.  Себебі, 4 орденде кавалер. Соның төртеуін Ұлы Отан соғысы кезінде алған. Шекарашы деп айтатаын себебіміз осы біздің Алматы училищені бітіргеннен кейін, шекараны күзетті. Иран,Турция, Жапония границасында.  Сол кезде өзінің данышпандығы, білгірлігі, қуаты арқасында сондай дәрежеге жетіп отыр.