Ақтаудың әскери гарнизоны техникаларды жаз маусымына дайындап жатыр

Теңізшілер мен теңіз жаяу әскері суда да, құрлықта да техниканы мұқият тексеруге кірісті.

Мұндай жұмыстар әскери полигондарда да басталды.

Ақтаудың әскери айлағында 7 кеме мен картерлер тұр. Теңізшілер оларды тексеріп ақаулары болса сол жерде жөндеуді. Вячеслав Петров Семейден келген. Он тоғыз жастағы теңізшіге «Қазақстан» артиллериялық - зымыран кемесінің қозғалтқышын тексеру міндеті жүктеліпті.

Вячеслав Петров, теңізші:

- Мен кеменің негізгі қозғалтқыштары үшін жауаптымын. Оны кеменің жүрегі дейді. Онсыз  кеме жүре алмайды. Күн сайын біз кезекші және техникалық құралдарды бұрумен айналысамыз. Сонымен қатар  сыртқы және апаттық тексеруді жүргізіп, басты  қозғалтқышты жұмысқа дайындаймыз.

Сарбаздар әскери техника мен зеңбіректерді шаң-тозаңнан тазартып, майлап жатыр. Ол металлды коррозиядан сақтайды. Өрт қауіпсіздігіне сәйкес техникаларға қызмет құрлықта да, суда да бірдей көрсетіледі. Теңізшілер кемелерді зерттеп жатқанда, теңіз жаяу әскери бригадасының жауынгерлері БТР-лар мен танктерді, жүк көліктері мен 300 зымыран-артиллериялық қаруды мұқият тексеріп шықты.

Елдос Жарқынбек, танк батальоны взводының командирі:

- Бүгінгі таңда 390-шы теңіз жаяу әскери бригадасында әскери техникалар мен қару жарақтарды жазғы кезеңге келтіру іс-шарасы өткізілуде. Қазіргі таңда 50-ге жуық әскери техникаға қызмет көрсетілді. Алдағы уақытта мұндай іс-шараны толық өз уақытында бітіреміз деген сенімдемін.

Әскери техниканың жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз ету үшін дайындық жылына екі рет жүргіледі. Мәселен, жаз айларында техника жоғары температурамен Маңғыстаудың шаңды дауылына төтеп беруі тиіс. Ақтау гарнизоны әскери талаптарға қаншалықты сай келеді. Ол жағы  мамыр айының соңында белгілі болады. Арнайы комиссия 10 әскери бөлімшені тексеруден өткізеді.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Тамара Степанова, Саламат Бекбаев