Германияның Лейпциг қаласында әлемдегі ең үлкен кітап жәрмеңкесі басталды

Германияның Лейпциг қаласында әлемдегі ең үлкен кітап жәрмеңкесінің бірі өз жұмысын бастады.

Биылғы шараға 40 елден 2 мыңнан астам қатысушы келді. Үш күнге созылатын шарада баспагерлер кітап жаңалықтарымен бөлісіп, түрлі кездесулер және үздіктерді марапаттау рәсімін өткізеді.

Айта кетейік, бұл көрмеде "Орталық Азия поэзиясының антологиясы" да таныстырылады. Ол Қазақстандағы Гете-Институттың бастамасымен құрылған. Бұл жинаққа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстаннан келген жас ақындардың шығармалары енген. Басылымның бірегейлігі-авторлар тікелей ана тілінен шығармаларды Гете тіліне аударған.

Мирас Асан, ақын, жазушылар одағының мүшесі:

- Өлеңдерімізді бірінші аударды, одан кейін аудиомен даусымызды жазып алды. Үлкен сайт бер екен «Лирик поэзии» деген.Сол үлкен сайтта 2000 астам әлем ақындарының дауыстары жазылған, өмірбаяндары. Соған осы жерде бізді де жазып жатыр.Шығармашылыққа креативті индустрияға қосылып жатқан үлкен бір үлес деп ойлаймын.

Жеңісбек Пәзілұлы, ақын, журналист:

- Еуропа әдебиеті бізді білу үшін, біздің ұлттық мәдениет, құндылықтарымыз соған байланысты тақырыптар болу керек деп ойладым. Менде осы антологияға кірген өлеңдер «Домбыра» деген өлеңім бар. Қазақтың домбырасы, казақ кім екенін білдіру үшін. Сонымен бірге «Күй құдырет» деген өлеңім бар. Біздің жалпы алғанда күй әлемінің тұлғалары: Дәулеткерей, Құрманғазы, Ықылас бәрі қамтылған.

Шолпан Қызайбаева, ҚР Гёте-Институты ақпарат бөлімінің басшысы:

- 2021 жылы біз неміс ақындарын қазақ тіліне аудардық. 2022 жылы «Симург» атты бірінші антология жыр жинағы шықты. Онда неміс ақындары бес Орта Азиялық тілде. Енді былтыр сонымен қатар қазақ ақындарын әйтпесе Орта Азия ақындарын неміс тіліне аудардық. Бұл антологиялар жана айтқан бес елде кітапханаларында болады.