Ақтөбеде су айдындарында сенбілік өтіп жатыр

Құзырлы орган өкілдері өзен-көлдерді заңсыз салынған ау мен өзге де балық ұстау құралдарынан тазалап жүр.

Мамандар: "браконьерлердің қоршаған ортаға зияны ұшан теңіз", - дейді. «Таза су айдындары» табиғатты қорғау шарасына жоғары оқу орнының экология факультеті студенттері мен еріктілер де атсалысты. Олар жағалауды тұрмыстық қалдықтан тазартуға үлес қосты. Санаулы сағат ішінде су бойын  бірнеше тонна қоқыстан арылтты.

Нұрбек Құлыбекұлы, "Тобыл-Торғай" облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бөлім басшысы:

- Тралдау жұмыстарының нәтижесінде су айдынының заңсыз қойылған аулар алынды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес балық аулау құралы болып танылмайды. Сондықтан да оның қолдануға болмайды. Иесіз қалған ауларды жағаға шығарып, өртеу жолымен жойылады.