Ә. Смайылов Үкімет Аппаратының қызметкерлерімен бірге сенбілікке қатысты

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет Аппаратының қызметкерлерімен бірге жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Ұлы Дала даңғылының бойына жағалай жасыл желек, оның ішінде қарағай, балқарағай, қайың, қарақат сияқты 120-ға жуық көшет егілді.

Айта кетейін бүгін елордада мемлекеттік мекемелер мен жеке кәсіпорындар ұжымдары және қала тұрғындары іргелес аумақтар мен су жағалауларын тазалап, ағаш екті. Астанада 6 мамырға дейін дәстүрлі экологиялық шара аясында сенбіліктер мен басқа да «жасыл» акциялар легі жалғасады.