Бүгін Парламент депутаттары сенбілікке шықты

Мәулен Әшімбаев бастаған сенаторлар Ұлы дала даңғылының бойындағы, тұрғын алабының маңына қарағай мен қайың, балқарағай, шаған және қарақаттың жүздеген көшетін отырғызды.

Сенбілікке депутаттармен қоса Сенат Аппаратының қызметкерлері, Жас сарапшылар клубының Талдау мектебінің түлектері, Қазақстан Бочча федерациясының өкілдері, қоғам қайраткерлері мен экология саласындағы белсенділер қатысты. Ерлан Қошанов бастаған Мәжіліс депутаттары да «Жасыл Астана» экологиялық науқаны аясында өткен жалпықалалық сенбілікке қатысты. Олар  Ұлы Дала даңғылының бойына қарағай, балқарағай, жөке, қарағаш екті.