Бүгін Алматыдағы панфиловшылар саябағында сарбаздар ант берді

Әскер қатарында қызмет етіп, отан алдындағы борышын өтеу әр азаматтың міндеті.

Бүгін Алматыдағы панфиловшылар саябағында сарбаздар ант берді. Бұлар - Қарасай ауданы шекара басқармасының кәсіптік-техникалық және дайындық бөлімінде бастапқы дайындықтан өткен әскерилер. Ұзын-саны 500-ден асады. Ант беру рәсімінен кейін шекарашылар әскери ұрыс өнерін көрсетті.

Арнұр Мұңалбаев, ҰҚҚ Шекара қызметі департаменті басшысының орынбасары:

- Мына өткізіліп жатқан шарамыз жас сарбаздарға патриоттық сезімді көтеріп, Отанды сүйге арналған мереке.  Бұл жалпы жастарға деп айтуға болады істеліп жатқан шарамыз. Біздің Отан қорғаушы шекарашыларымыз  ант қабылдағаннан кейін, Қарасай ауданының шекара басқармасында мамандықтар қосымша алып, сосын шекараға қызмет атқаруға жолданады.

Мейіржан Әлібекұлы, шекарашы сарбаз:

- Отан алдындағы борышымды өтеу үшін, осы шекара қызметінде  әскер қатарына алындым. Қазіргі сәтте салтанатты түрде әскери ант қабылдауда тұрмыз. Алдағы уақытта шекарамыздың берік қалқаны болу мақсатында бар күш-жігерімізді салып, дайындалуға әзірміз.