Қазақстанда 124 ұлт өкілі тұрады

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше қазіргі халық саны 19 808 430.

Оның 70,6% қазақ, ал орыс – 15,1; өзбек – 3,2; украин – 1,9%. Мұнан кейін ұйғыр – 1,5; неміс пен татар – 1,1%, азербайжан – 0,7; корей – 0,6%. Көбі осылар. Бұлардан басқа да ұлт пен ұлыстар бар. Елде қазақ көп шоғырланған аймақ Туркестан облысы – 1,5 млн, ал орысы көп қала Алматы – 428 мың. Өзбектердің көбі – Туркістан обылсында – 378 мың; Ал украиндар – Қостанай өңірінде көп  екен, яғни – 86 мың. Сондай-ақ ұйғырдың көбі, яғни 297 мыңның 120 мыңы Алматы облысын мекендейді.