1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

Бұл мейрам 1996 жылдан бастап Президент Жарлығына сәйкес кең көлемде тойланып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басты мақсат – ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау. Қазіргі таңда елімізде 120-дан астам ұлт пен ұлыс өкілі тату-тәтті өмір сүруде. Тәуелсіздік кезеңінде негізі қаланған «әр-алуандығымыз – бірлікте» қағидаты мемлекетіміздің сан қырлы мәдениеті мен дәстүрін баға жетпес байлығымызға айналдырды. Халқымыздың әділетті әрі дамыған мемлекет құрып, елімізді өркендету жолындағы мүддесі ортақ. Бірлігі жарасқан елдің мерейі үстем болады. Ұлтаралық татулық пен ынтымағымыз әрдайым берік болсын.