Елімізде заңсыз сақталған мыңға жуық қару тапсырылды

Елімізде заңсыз сақталған 951 қару және 13 мыңнан астам оқ-дәрі Ішкі істер министрлігіне тапсырылды.

Қабылданған қарудың жалпы құны 64 млн теңгеге жуықтайды. 10 сәуірде басталған акцияға республикалық бюджеттен 88 млн теңге бөлінген. Өз еркімен қару тапсыру бойынша Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстары көш басында. Ал тарихи құндылығы бар қарулар криминалистикалық бөлімдердің заттай коллекциясына немесе Ішкі Істер Министрлігінің мұражайларына берілуі мүмкін.

Асылбек Ыдырысов, ҚР ІІМ ӘПК қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы:

- Мысалы, Атырау қаласының тұрғыны ерікті түрде "Mauser C96" 1896 жылы германияда шығарылған неміс пистолетін тапсырған. Ол Германия, Ресей империясында, КСРО және Қытай қару-жарағында, екінші ағылшын-бурский, Жапон-Қытай, Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыста қолданылған. Оны мал бағып жүргенде құмның арасында Исатай ауданында тауып алған.