Елде сүт тағамдары алдыңғы жылға қарағанда аз шығарылған

Былтыр елде сүт өндірісі төмендеді.

Сары май, ірімшік, сүзбе, ашытылған сүт тағамдары алдыңғы жылға қарағанда аз шығарылған. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев бұл мәселені шикізат өндірісінің нашар дамуымен байланыстырды. Министр өңірлерде ірі тауарлық-сүт фермаларының құрылысы жеңілдікпен қаржыландырыла бастағанын айтты. Биыл осындай 65 ферма ашу үшін 100 млрд теңге қарастырылған. Онда жылына 373 мың тонна сүт өндірілмек. Нәтижесінде отандық сүт зауыттары сапалы шикізатпен қамтылып, импортқа тәуелділік азаяды. Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрі келер жылы тағы 50 тауарлы-сүт фермасын салу үшін 113 млрд теңге қаражат қажет етілетінін жеткізді. Жалпы, былтыр елде 2,9 трлн теңгенің азық-түлік өнімі өндірілген. Өсімдік майы, ұн, макарон, шұжық өнімдері мен қант өндірісінің көлемі артқан.

Ербол Қарашөкеев ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Қазақстанда негізі 6 тауар жөнінде өз-өзімізді қамтамасыз ете алмай жатырқ. тәуелсіздігіміз жоқ оның ішінде құс еті, сүт өнімдері , балық өнімдері бар, соның бәріне бізде нақты жоспарларымыз бар өзімізде. алдағы 3-4 жылдың ішінде осы тауарлар бойынша өз-өзімізді қамтамасыз етуге жоспарымыз бар.