ШҚО-да оқушыларға қауіпсіздік шаралары үйретілді

Шығысқазақстандық құтқарушылар балаларға бас-көз болуды ескертеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өздері жас құтқарушылар орталығында оқушыларға қайықпен жүзу, суға батқан адамға алғашқы көмек көрсетуді үйретіп жатыр. Ал альпинистер тауға шығудың әдіс-тәсілдерін көрсетеді. Құрал-жабдығы сай, қауіпісіздікті жетік меңгерген ересек оқушылар жазғы тынығу лагерлерінде топ жетекшісі болады.

Марина Лискова, ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы:

- Жақында шомылу маусымы басталады. Ендеше балаларға қауіпсіздік ережелерін насихаттау маңызды. Олар сақтықты өздері үйреніп қана қоймай, сонымен қатар өзгелерге көмек беруге де дайын болғаны дұрыс. Сондықтан бүгінгі шараға оқушылар үлкен қызығушылық танытты