Петропавлда жол жөндеу жұмыстары басталды

Биыл аталған шаруалар жылдағыдан ерте қолға алынып отыр. 

Себебі өңірде күн жылынып, ауа райы қолайлы болып тұр. Шахарда биыл сәтін салса, 18 көшенің жолдары қалпына келтірілетін болады деген жоспар бар. Жалпы аймақтағы жолдардың сапасы қандай?

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Қазір біз Пушкин көшесінде тұрмыз. Бұл қаланың қақ ортасы. Өздеріңіз көріп тұрғандай қазір аталған көшенің бір бөлігіне бетон блоктар қойылып, қозғалыс шектелді. Себебі мамандар қазір бұл жерде ескі асфальт жабындысын қырып алып жатыр.  Мұнымен қоса жол жиектері, яғни бардюрлер бұзылуда. Яғни оларда жаңасына алмастырылатын болады. Жалпы Петропавл қаласында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 366 шақырымнан асады. Ал олардың басым бөлігі бүгінде жаңалауды қажет етеді. Былтыр қала бойынша небәрі үш шақырымай ғана жол жөнделіпті. Биыл бұл шаруалар 18 көшеде жалғасады. Себебі жолдың жағдай мәз емес. Біз осыған дейін жүргізушілермен тілдесіп үлгерген едік. Назарларыңызға сол сұхбатты ұсынамыз. 

Балтабек Тілеубаев, қала тұрғыны:

- Қаланың ішін жөндеп жатыр ғой. Үлгіре алмай жатыр. Жөндесін. Налог төлейміз, жол дегенге көңіл аудармайды.

Сергей Дмитриченко, қала тұрғыны:

- Жолдарды енді қалыпқа келтіре бастады. Шаруаны арнайы комиссия жақсылап қадағалау керек деп есептеймін. Кейбір көшелер жабылды. Салдарынан қозғалыс қиындап кетті.   

Әділ Қасенов, қала тұрғыны:

- Қыста более менее. Қармен тегістеліп қалады.Қазір әне шықты ямалар.  Қазір енді жұмысты бастаса, жаздың ортасына дейін біраз істейтін шығар , жолды»

Самат Қайырденұлы, тілші:

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты қазір қалада кейбір автобустардың бағыты өзгерді. Бұл қашанға дейін жалғасады? Оны қалалық жауаптылардан  сұрап білсек. Қазір менің жанымда қала әкімінің баспасөз хатшысы тұр. Эльмира, жалпы қандай көшелерге басымдық беріліп отыр?

Эльмира Сәдуақасова, Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы

Самат Қайырденұлы, тілші:

- Ал мен сөз соңын айта кетейін Солтүстік Қазақстан облысында биыл бас аяғы 700 шақырымнан астам жол жөнделеді. Жолдың 110 шақырымы республикалық, қалғаны жергілікті маңызы бар жолдар. Бұл мақсатқа 34 миллиард теңге қаржы қарастырылып отыр.