Жыл басынан елдегі азық-түлік бағасы 3,5% қымбаттады

Бұл жанар-жағармай құнының жоғарылауымен тікелей байланысты.

Дегенмен, кейбір тауарлар бойынша бағаның түскені байқалады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрінің бірінші орынбасары Арман Шаққалиев айтты. Мәселен, қарақұмық, қант, картоп, күнбағыс майының бағасы ел бойынша 0,7-ден 2,2%-ке дейін арзандаған. Бірінші вице-министрдің айтуынша, бағасы қолжетімді азық-түлікті бақылау-кассалық аппараттармен жабдықталған ірі сауда желілерінен ғана сатып алуға болады.

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрінің бірінші орынбасары:

- Зерттеу өткіздік. Негізінде 2-5 пайызға дейін өседі жанармай бағасы. Одан көп өспейді. Жылдың бойы инфляцияға 3 пайызға дейін әсер ететін болады.

Айдар Әбілдабеков, ҚР СИМ сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

- Азық-түлік бағасы қатты қымбаттамауы үшін АШМ шаруаларға арзандатылған жанармай беруде. 2-4 теңгеден 413 мың тонна барлық шаруаға арзан жанармай береді. Сондықтан өнім шыққанға әсер етпейді. Ол қымбаттап кетеді деп айта алмаймыз. Кейіннен тасымалдаған кезде кішкене әсері тиюі мүмкін.