«ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымына – 30 жыл

Биылғы жыл түркі елі үшін айырықша өтеді.

Түркі әлемінің мәдениеті мен әдебиетіне, елеулі үлес қосқан тұлғалардың есімі ұлықталады. «Түрксой» халықаралық ұйымының бас хатшысы, бірлестіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған жиында осылай деді. Сұлтан Раевтің айтуынша, алдағы уақытта «Қымыз-фест» фестивалі ұйымдастырылады. Жалпы 1993-ші жылы қазақ жерінде негізі қаланған ұйымның бас штабы, қазір Түркияның Анкара қаласында орналасқан. Ал бірлестіктің өзі - түркі мемлекеттер арасындағы мәдени-рухани көпірге айналып отыр.

Сұлтан Раев, «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының бас хатшысы:

- Саясат, экономика, геосаяси аренада емес, бірінші жолда маданиятты бекіткенбіз. Түрік дүниесінің маданиятын өндіктіру, маданият арқылы түрк дүниесін интеграциялау, маданият пенен мамлекеттерді байланысын күшейту. Маданиянат арқылы өз-өзіміздің жақындығымызды бір туғандай күшейту – ең негізгі мақсаттарымыз.