Ақтөбеде биыл 60-қа жуық көпқабатты үйдің ауласы жөнделеді

Жергілікті бюджеттен 431 млн теңге бөлінген.

Қазір Әуе қалашығы, Құрмыш пен 11-шағын ауданда асфальт төсеу жұмыстары басталды. Бұл былтыр жоспарланған ауыспалы жобалар. Мердігер мекемелер алдағы бір ай ішінде автокөлікпен қатар жаяу жүргінші жолын да ретке келтіруі тиіс. Ал, биыл қолға алынатын нысандар күзге дейін салынып болады. Жалпы соңғы үш жыл ішінде шаһардағы 200-ге жуық аула жөнделді. Бірінші кезекте іргетасы қаланғалы асфальт төселмеген ескі аудан тұрғындарының өтініші ескеріліп отыр.

Жанесен Масабаев, қалалық ТҮКШ бөлімінің жетекші маманы:

- Әрбір ауланы аралап, анықтау жұмыстарын жүргіземіз. Содан кейін ақаулы актілерін толтырамыз. Содан кейін барып қай жерге бірінші кезекте, асфальт жабындысы нашар тұрғындардың қозғалысына, автокөліктің қозғалысына қиындық тудырып тұрғын жерлерді жөндейміз.