Шымкентте екпінді жел басылмай тұр

Шымкентте қатты желдің салдарынан мектеп оқушылары қашықтан оқу форматына көшірілді.

Қалалық білім басқармасы сегізінші сыныпқа дейінгі оқушылар онлайн оқитынын мәлімдеді. Дауылды ескерту бойынша алтыншы мамырға дейін желдің екпіні сақталып, секундына 25 метрге дейін жететіні айтылған. Қолайсыз ауа райынан тұрғындар да әбігерге түсті. Қала көшелерінде ағаштар құлап, көліктерді басып қалды. Электр желілері үзіліп, шағын аудандар жарықсыз қалды. Сондай-ақ, екпінді желден біршама көпқабатты үйдің қаспеті бүлініп, аулаға шашылды. Оқыс жағдайдан жарақат алып, қаза болғандар жоқ.