«Ел Арна» ұжымы мен қонақтары елордада ағаш отырғызды

«Ел Арна» телеарнасының ұжымы мен қонақтары елордада шырша ағашын отырғызды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл Сарыарқа даңғылындағы арнаның студиясы орналасқан ғимаратқа 30 жыл толды. Мерейлі мерейтой қарсаңында ұжым жұмыс арасындағы үзілісті аула тазалығына арнады. Шараға ақпарат саласының майталмандары арнайы шақыртылып, олар алдымен телеарна тынысымен танысты. Кейін Сенатор Нұртөре Жүсіп пен Ұлттық Медиа қауымдастығының басшысы Кемелбек Ойшыбаев өз атынан ағаш отырғызды.

Айта кетейік, биылғы маусымда «Ел Арна» түрлі форматтағы жаңа жобалармен толықты. Әсіресе қоғамдағы өзекті тақырыптар талқыланатын ток-шоулар көрерменнің ыстық ықыласына бөленуде.

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Ағаш отырғызса, оның сауабы көп деп шалдар айтып отыратын. Сондықтан Ел Арнаның шақырылымын қабылдап, арнайы шыршамызды отырғызып жатырмыз. Ақпараттық, танымдық нәрселермен сусындатып, таза үлкен аудиторияны Ел Арна жақсы контентпен қалыптастырады ғой деп сенемін. Өйткені әлеуеті бар, мүмкіндігі бар.