Отан қорғаушы мен Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ішкі құрылымдарына қызметке алынған 28 жас маман салтанатты түрде ант қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Олардың дені – өрт сөндірушілер мен құтқарушылар. Солардың бірі – Сарқан ауданындағы Лепсі ауылының тумасы Болат Дүниебай. Ол осыдан 3 ай бұрын әлеуметтік желі арқылы азаматтық қорғау органдарына байқау жарияланғанын біліп, 1 айлық арнайы дайындықтан өткен. «Өзіме жүктелген міндетті мінсіз атқаратыныма сенімдімін!», - дейді жас маман.
Болат Дүниебай, өрт сөндіруші:
- Өртке қарсы қызметке жұмысқа орналасып жатырмыз кіші сержант болып. Лепсі ауылындағы №16 өрт сөндіру бекетіне өрт сөндіруші болып жұмысқа кетіп бара жатырмын. Осыдан ары қарай халқыма, осы Қазақстаныма адал қызмет етуге дайынмын.
