Биыл «Жасыл экономиканы қолдау» коалициясына 10 жыл толды

Мерейтойға орай одақ өкілдері 50 түп қарағай ағашын отырғызды.

Экологиялық шара қоғам қайраткері Салтанат Рақымбекова атындағы аллеяда жүзеге асты. Салтанат Темірқұлқызының қоршаған ортаны қорғау саласына айырықша еңбегі сіңген. Оның атындағы бақшада қайраткердің бастамасын жалғастырылып жүрген шәкірттері жыл сайын тал егеді. Бүгінге дейін мұнда 200-ге жуық қарағай ағашы отырғызылды.

Асыл Оқапова, "Жасыл экономиканы қолдау" коалициясының бас менеджері:

- Экология мен экономика бірге жүруі керек, ешқашан үзілмеуі керек. Және бүгінгі біздің шарамыздың мақсаты – ол біздің халық арасында осы қоршаған ортаны қолдауға кішкене шамалы болса да өзіміздің үлесімізді қосу және азамттарды жауапкершілікке шақыру.