Астанада «Хабар» агенттігінің қызметкерлері ағаш отырғызды

Бүгін «Хабар» агенттігінің қызметкерлері ботаникалық саябаққа қылқан-жапырақты ағаш отырғызды.

Осылайша медиа-холдинг елорданы көгалдандыруға өз үлесін қосуда. Агенттік өкілдері жыл сайын тұрақты түрде экологиялық акцияны қолдап келеді. Бұған дейін әріптестерім, сенбілік шарасына қатысып, сол жағалаудағы көшелердің бірін қоқыстан тазартып, көгалдандыруға атсалысқан болатын.