Елдегі шағын және орта бизнесті дамыту басты назарда

2025 жылға қарай экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі 40%-ға дейін жетуі тиіс.

Қазір Үкіметтің алдында осындай міндет тұр. «Көздеген межеге жету үшін бизнес ашуға қолайлы жағдай жасап, кәсіпкерлердің проблемаларын жедел шешу аса маңызды»,-деді Премьер-Министр. Бүгін әлихан Смайыловтың төрағалығымен Мемлекет басшысының Сайлау алды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті. Онда 2029 жылға қарай шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санын 4,7 млн адамға дейін жеткізу шаралары қаралды. Қазір 4 млн астам адам осы салада еңбек етеді. Жұмыспен қамту көрсеткіші бойынша, былтыр 4-ші тоқсанның қорытындысы бойынша Алматы, Астана, Шымкент, Түркістан және Қызылорда облыстары ең жоғары өсім көрсеткен. Ал Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында көрсеткіш төмен. Ал орта және шағын бизнестің экономикадағы үлесі 36 пайызға жетті.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

- Мемлекет басшысы біздің алдымызға халықты лайықты жұмыспен қамту туралы міндет қойды. Бұл орайда біз ШОБ сапалы жұмыс орындарын құруға база назар аударуымыз керек.  Республика бойынша өсу қарқыны 16 процент болса кейбір өңірлерде 1-3 процент. Бұл өте төмен. Сондықтан бұл мәселеге баса назар аудару керек.