Атырау облысында туристік орталық ашылды

Ұлы жібек Жолындағы Алтын Орда, Ноғай, кейін қазақ хандығының астанасы атанған Хан Ордалы Сарайшық тарихы шетелдік туристер мен тарихшылардың қызығушылығын туғызып келген еді.

Былтыр мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша кешенді құрылыс қолға алынған болатын. Ғимарат Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловтың қатысуымен  өткен салтанатты жиында пайдалануға берілді.

Жалпы ауданы 1600 шаршы метрлік ғимаратта туристер үшін барлық жағдай қарастырылған. Оның бірінші қабатындағы музейдің аумағы 400 шаршы метрден асады. Екінші қабатта, асхана, қонақ үй және туристер үшін жұмыс бөлмелері орналасқан. Музейде Сарайшықтан табылған құжаттар жинақталған. Туристер Сарайшық тың  «Алтын Орданың» астанасы болғандығы, оның ислам дінін қыпшақ даласына тарауындағы ролі туралы толық мағұлмат ала алады.

Асхат Оралов ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Ішкі және сыртқы туризмді дамыту мақсатында осы Атырауға-Сарайшыққа алып келеміз деген ниетіміз бар. Сондықтан да осы заманауи форматта салынған орталық кәдімгідей бір топтастыратын халықты біріктіретін туристерге ыңғайлы құнды ақпаратты түсінікті тілде үш тілде еркін берілетін болады.  

«Сапар орталығының басты мақсаты: «Жайық жауһары» атанған Сарайшық қаласының тарихын таныту. Оны әлемдік деңгейдегі туристік аймаққа айналдыру болып табылады. Себебі, Сарайшық тарихы тереңнен басталады дейді»,- мамандар.

Әбілсейіт Мұқтар, "Сарайшық" сапар орталығының директоры:

- Сарайшық-ол жай қала емес. Империялық қала қазақстандағы жалғыз. Өйткені Сарайшық ол тек қазақ хандығының астанасы емес, Ертістен бастап Дунайға дейінге аралықтағы бірнеше мемлекеттік астанасы болды. Яғни, Сарайшықта әлемдік деңгейдегі ел билеушілер отырды. 

Биылдан бастап көне шаһар орнын зерделеу жұмысы жанданатын болды. Археолог-ғалымдардың ғылыми дәлелдерінің негізінде көне қаланың орны бекітілді Оның зерттелу аумағы бұрынғыдан екі есеге ұлғайтылып, 99 шаршы метрге жетті. Ол аумақ болашақта ашық аспан астындағы музейге айналмақ.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев, Жандос Рахметуллин