7 мамыр – Отан қорғаушы күні

7 мамыр – Отан қорғаушы күні. 1992 жылғы 7 мамырда Президент Жарлығымен Қазақстан Қарулы күштері құрылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Араға 20 жыл уақыт салып, Парламент мемлекеттік мерекелер туралы заңға түзетулерді қабылдады. Осылайша, Отан қорғаушы күні ресми мәртебеге ие болды және демалыс күніне айналды. Аспанда айбарлы қуатқа, теңізде тегеуірінді күшке, құрлықта құрышты қалқанға айналған Қарулы Күштерімізді күшейте беру – заманның талабы. Бүгін елдің түкпір-түкпірінде бірнеше мерекелік іс-шара ұйымдастырылады.