Қапшағайдағы құтқарушы Қызылбөріковтің әр күні ерлікке тең

Әр күні ерлікке пара-пар қызмет.

Қонаев қаласында жұмыс істейтін құтқарушы Данияр Қызылбөріков туралы дәл осылай айтуға болады. Ол Қапшағай су айдынында шомылып жүріп, суға кетіп қала жаздаған он шақты адамның өмірін ажалдан арашалап қалды.

Алмас Садуақас, тілші:

- Бұл оқиға осыдан 5 жыл бұрын, дәл осы тұста болды. Шілде айында суға шомылушылар көп келеді. Сол күні ау райы күрт бұзылады. Екпінді желден толқын тулап, шағала шулайды. Аяқ астынан пайда болған дауылдан суда жүзіп жүрген оншақты адам жағаға жете алмай, әлсірейді. Егер құтқарушылар дер кезінде көмеке келмегенде барлығы суға батып кетуі мүмкін еді. 

2018 жылы шілденің 15 күні жедел құтқару жасағының құтқарушысы Данияр Қызылбөріков әріптесімен күнделікті жұмысында жүрді. Қайықпен жағалаудағы жағдайды қадағаулап, барлайды. Жағалаудан ұзап кеткен бір топ адамның жанұшыра қол сермеп жатқанын көріп дереу көмекке жетеді. Көп ойланбастан бойларын үрей мен қорқыныш билеген әлі кеткен жандарды  бірінен соң бірін жағаға шығарады. 

Данияр Қызылбөріков, құтқарушы:

- Батыстан жел соғып жатты. Толқындар биіктігі бір метр көлемінде болып жатқан. Демалушылар толқынға секіріп, ойнап шұңқырға түсіп кеткен. Скл адамның бетіне қарайтын уақыт та болған жоқ. Енді есімде қалғаны әйтеуір қызды шығарып жатқан кезде «мамау» деп жылағаны. 

Құтқарушы қызметі машақаты мол, қауіпті міндет. Данияр Маратұлы жұмыс істейтін мекеменің мамандары әрдайым от пен судың, ыстық пен суықтық, ажал мен адамның арасында жүреді. Тілсіз жаумен күреске әрдайым бірніш болып аттанады. Данияр Қызылбөріков өз ортасында сыйлы азамат. Мол тәжірибесін жастармен бөлісіп, ақыл кеңес беріп тұрады.

Жандос Құмарбек, Алматы облыстық ТЖД Жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары:

- Өзінің жұмысын тиянақты атқарады. Біздің күнделікті жұмыс істеп жатқынымыз жағажайды барлау, ол өте маңызды. Және көп адамдарды ескерту жұмыстары арқылы, батып жатқан кезде адамдарды дер уақытында құтқару болып есептеледі жұмыстары. 

Данияр Маратұлы қызметіне адал. Оншақты адамды құтқарған әрекетін ерлік емес, міндет деп санайды. Ұлдарына да ең алдымен адал болуды, нағыз азамат болып қалыптасуды айтады. Бүгінде жан жарымен үш ұл өсіріп, тәрбиелеп отыр. Алайда міндетін мінсіз орындағаны үшін әлі ешқандай марапат берілмепті. 

Алмас Садуақас, Аят Дүйсембаев