Петропавлда өртке байланысты эвакуациялық пункт ашылды

Петропавлда өртке байланысты эвакуациялық пункт ашылды

Қырықтан астам адам қауіпсіз жерге көшіріліп, уақытша мектепке жайғасты.

Ал зардап шеккен бір тұрғын қазір ауруханада. Төтенше жағдайлар департаменті берген ресми ақпаратқа сәйкес, өрт кешкі 7 - лер шамасында тұтанған. Қала шетіндегі “Береке” ықшам ауданында қамыс өртеніп, шеткі көшедегі үйлерге жайылған. Ресми ақпарат бойынша, 9 үй жанып кетті. Оның екеуі бос тұрған.

Мұса Жақсыбаев, ТЖД жедел кезекшінің орынбасары:

- Қамыстың жануынан 9 үй жанып кетті. Екеуінде ешкім тұрмайды. Қазір өрт сөндіруге 78 адам жұмыс істеп жатыр. Өрт әлі оқшауланған жоқ.

Осы оқиғаға байланысты жедел штаб құрылды. Сонымен қатар осы маңдағы 25 мектептк эвакуациялық пункт ашылды. Зардап шеккен тұрғындар бүгін сонда түнейді.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші