Иван Гапич - ар-намыс пен парыз адамы

Қан майданнан аман оралғандардың бірі - Иван Гапич.

Ардагер биыл 100-ге толды. Мерейтой қарсаңында кітабы шыққан. Ақмолалық қарапайым отбасынан шыққан батырдың бастан кешкені, оның Отанға  деген адалдығы осы туындыда баяндалған.

Иван Гапич өз еркімен мектеп оқушысы кезінде майданға аттанды.  Ол Польша, Чехословакия және Украинаны азат етуге қатысқан. Ардагердің жауынгерлік еңбегі көптеген марапаттар мен медальдармен бағаланған. Ең біріншісі марапаты - "ЕРЛІГІ үшін".

Иван Гапич, Халық қаһарманы:

- Бізді, 551 байланыс батальонының бір бөлігін, Мәскеуге жіберді. Екі аптадан кейін екінші дәрежелі әскери инженер келді, қазір есімдегісі, Фурманов еді. Ол бірнеше курсанттарды таңдады, соның ішінде мен де бармын. Батыстағы майданның штаб-пәтеріне қызмет ететін 375-ші байланыс радио бөліміне түстік. Қараша айында ең жойқын шайқастар Мәскеуде болды. Менің жауынгерлік жолым осылай басталды. Ең бірінші әрі ауыр әскери сынақ Смоленск облысындағы қақтығыста өтті. Майор Гарлосовтың арнайы жасағына жіберілген едім. Оның радио операторы қаза тауып, ол телеграф арқылы радист жіберуді сұраған.

Соғыстан кейін Иван Гапич Алматы мемлекеттік заң институтына оқуға түсті. Кейін Қарағандыға жіберілді. Прокуратура органдарында еңбек жолын бастап,  35 жыл аянбай қызмет етті. Биыл ардагер 100 жылдығын атап өтті. Ғасырлық мерейтой қарсаңында оның "Иван Гапич. Ар-намыс пен парыз адамы" атты кітабы жарық көрді.

Серік Шалабаев, Батыс Қазақстан облысының прокуроры:

- Біз оның мерейтойы қарсаңында жазған кітабын таныстырдық. Кітап өте қызықты болып шықты. Онда оның бүкіл өмірі баяндалған. Сондай-ақ, балалық шағы, соғыс кезі, майдандағы қызметі, жеңіске жету жолы және, әрине, жеңістің өзі дәйекті түрде баяндалған.

Иван Степанович Отанға қызметін жалғастыруда. Жастармен кездесіп, оларға соғыс батырлары жайында мағлұмат беріп, батылдық пен парыз туралы шер тарқатып келеді.

Авторлары: Мақпал Сержанқызы, Анэль Едилькызы