Елордада соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді

«Солдат ботқасынан» дәм татып, қатары сиреген елордалық ардагерлер қаһарлы күндерді еске алды.

Жанары жасқа толғандар қан майданды көз алдына келтірді. Оған Ұлттық әскери оркестрінің соғыс жылдарында орындалған әндерді шырқауы әсер етті. Арнайы орнатылған әскер шатырлары да айырықша көрініс сыйлап тұрды. Бүгін Қорғаныс саласының қызметкерлері "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұратын қарттарға құрмет көрсетті. Мұнда 329 қария тұрақтаған. Олардың арасында 12 тыл еңбеккері, бір Ұлы Отан соғысы және 30 еңбек ардагері бар.

Раиса Сафоничева, Ұлы Отан соғыс ардагері:

- Біз ешкімнен, ештеңеден қорыққан жоқпыз. Отан үшін, өскелең ұрпақ үшін, олардың тыныш заманда өмір сүріп, білім алуы үшін шайқастық.

Абай Тасболатов, Ұлттық Қорғаныс университеті бас штаб кафердрасының бастығы:

- Отан соғысының ардагерлері айтқандай, содан кейін тылдағы жұмыс істегендерді, соларды қошеметтеп жатырмыз. Көбі бұл өмірден өтіп та кетті, бірақ қалғандары аз. Соларға көңіл бөлгеніміз дұрыс қой.