Батыр майдангерлерді насихаттау жұмысын күшейту керек

Елімізде екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, қан майданда ерлік көрсеткен ардагерлердің қатары жыл сайын сиреп барады. 

Қазіргі кезде елімізде 230-ға жуық ардагер бар. Арнамыздың тілшілері өскелең ұрпақтың ержүрек батыр бабаларымызды қаншалықты танитынын білу үшін сауалнама жүргізіп көрген еді.

БЛИЦ:

- Бауыржан Момышұлы

- Мәншүк Маметова

- Әлия

- Қошқарбаев

- Талғат Бигелдинов. Өзімнің де есімім Талғат. Сол үшін қойды.   

Қоғам қайраткері Қалиолла Ахметжанов, тарихи тұлғаларымызды, оның ішінде батыр-бабаларды насихаттау жұмыстарын күшейту қажет дейді. Әсіресе бұқаралық ақпарат құралдарында, отандық фильмдер мен мульфильмдерде кейіпкердің мінезі мен тұлғалық қасиетін ашу жұмыстарын үдету керек. 

Қалиолла Ахметжан, этнограф-қарутанушы:

- Батырларды тану үшін мәдени қызығушылық болу керек. Ең басты сөз мәдениеті. Өз мәдениетінді білуін керек. Өз тілінді білуін керек. Мысалы, біздер кішкентай кезімізде эпосты тыңдап, қазақтың эпостарын оқып өстік. Сондықтан мен өзім тарихқа деген қызығушулығым бар. Ол бойымызда пайда болған, сіңген нәрсе.

Асхат Налшыбек, "Жас сарбаз қозғалысы" РҚБ Астана қалалық филиалының төрағасы:

- Дәл осы бағытта жұмыс атқарып келе жатырмыз. Оның ішінде бізде Рақымжан Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы, көптеген біздің генералдарымыз, көптеген біздің батырларымыз өз жандарын қиып, Ұлы отан соғысы ардагерлері атанып отыр. Оның ішінде өзіңіз білесіз жылдан жылға азайып отыр. Сол себепті ол кісілердің осындай тәрбие жұмыстары жүру мақсатында ерлік сабақтарын өткізіп отырмыз.