Қызылжарда Жеңіс күнін 6 соғыс ардагері қарсы алды

Солардың бірі – Иван Клименко.

Ол гүл қою рәсіміне қатысқан жалғыз қарт майдангер. Мәңгілік алау маңына жиналған жұртшылық 95 жастағы аңғыз адаммен бірге шейіт болған боздақтарды еске алып, ерліктеріне тағзым етті. Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысынан сұм соғысқа 90 мыңнан аса адам аттанды. Жаудың бетін қайтаруға осы қалада құрылған атақты 314 – інші атқыштар дивизиясы зор үлесін қосты. Олар ондаған қаланы азат етуге қатысқан.

Иван Клименко, соғыс ардагері:

- Жеңіс күнін мен Челябі қаласында қарсы алдым. Біз қиыр Шығысқа бара жатқан едік. Бұл хабарды естігінде қуанышымызда шек болмады. Жастарға айтарым, Отанды сүйіңіздер.