Өскеменде Жеңіс күні мерекесі ауқымды шараларға толы болды

Өскеменде Жеңістің 78 жылдық мерекесі ауқымды шараларға толы болды.

Бүгін трамвайға отырған жолаушыларды өнер ұжымдары қарсы алды. Олар қоғамдық көлікте әскери әндер шырқады. Мұнан соң Даңқ мемориалына  гүл шоғын қойып, батырлар рухына тағзым еткен жұрт көп. Осы Шығыс Қазақстан облысынан соғысқа аттанғандардың 96 мыңы туған жерге оралмаған. 109 жауынгер батыр атанса, 24-і Даңқ орденін иеленген. Жұртшылық бұл күні солдат ботқасынан дәм татты.

Ақерке Атабаева, қала тұрғыны:

- Нағашы атамыз қатысқан соғысқа со кісіні есімізге алып, бала шағамыз сол кісілерді әрқашан ұмытпасын деп, біліп жүрсін деп сол үшін келіп отырмыз.