Жамбыл облысында соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Жамбыл облысынан майданға 106 мыңнан аса жауынгер аттанған.

Бүгінде облыста небәрі 15 ардагер Жеңістің 78 жылдығын қарсы алды. Оларға 1,5 миллион теңге көлемінде бір реттік ақшалай көмек берілді.

Мүтәліп Ережепбай ақсақал 97 жасқа келсе де әлі күнге домбыра тартып, арнау айтып отырады. Қарт майдангер әскер қатарына 1944 жылы шақырылып, Жеңістен кейін әйгілі Брест қамалын қалпына келтіруге атсалысқан. Елге 1950 жылы оралып, баспасөз саласында еңбек етті. Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов мерекеге орай  бірқатар соғыс ардагерлерінің үйіне барып құттықтады.

Нұржан Нұржігітов, Жамбыл облысының әкімі:                                                    

- Ерліктеріңіз бен табандылықтарыңыз үшін бас иеміз. Өздеріңіздей ардагерлердің арқасында біз бүгін ашық аспан астында азат елде өмір сүреміз. Ерліктеріңіз есте мәңгі сақталады. Сіздерге және туған-туыстарыңызға зор денсаулық тілеймін.

Жеңіс күнінде «Жеңіс» саябағында Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Өмірден өткен майдангерлерді еске алу үшін ардагерлер, тыл еңбеккерлері мен тұрғындар жиналды. Сондай-ақ, мереке күні 2021 жылы Байзақ ауданы әскери бөлімі аумағында болған жарылыс кезінде қаза тапқан Бауыржан Дәуітбаев наградталды. Мемлекет басшысының Жарлығымен марқұмның әкесіне ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені табыс етілді.

Талғат Дәуітбаев, Б.Дәуітбаевтың әкесі:

- Батыр баламызды елеп осылай облыс әкімі награда беріп жатқандарына рамет. Халықтың батыры ғой. Оттың ішінде жанталасып, осы халқым елім деп өз басын қатерге тыққан. Мақтанам мен баламмен.

Мереке қарсаңында “Жамбылдық әскери құрамалар” атты жинақтың тұсауы кесілді. Саябақта театрландырылған қойылым сахналанып, патриоттық әндер шырқалды.

Авторлары: Мерей Бает, Бақытжан Бапаев, Руслан Ахатіллә