Абай облысы соғыс ардагері Кәкімбек Қайсаровқа ескерткіш қойды

Осы ескерткіш тұрған Аягөз қаласындағы жаңа ықшам аудандардың бірі енді майдангердің есімімен аталады.

Кәкімбек Қайсаров көшесінде 140-қа жуық үй бар. Майдангер ел қорғауға 24 жасында аттанып, партизан жасағында жаумен шайқасады. Сопот қаласын аза етуге қатысып, «Батылдығы үшін» медалімен марапатталған.

Ақанай Жұмағазин, Аягөз аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы:

- Біздің Аягөзде соғысқа қатысқан ардагерлерімізді құрметтеп, ардақтап, Кәкімбек Қайсаров ақсақалға үлкен көшенің аты беріліп, ескерткіш қойылып жатыр. Осының өзі ұрпақ жалғастығын көрсетеді. Соғысқа қатысқандардың барлығын есте сақтау, жалғастыру парызымыз болып табылады.