Қожа Ахмет Яссауи кесенесі жойылып кете ме?

Мединеде Мұхаммед, Түркістанда Қожа Ахмет, Маңғыстауда Пір Бекет!

Ел аузында осындай сөз қалған. Қазақтың қадірлісі екеу болса, соның біреуі орта ғасырлардан жеткен Қожа Ахмет Яссауи кесенесі.

Айтпағымыз осы көне жәдігердің қабырғалары сыз, күмбезі тұз тартып тұр. Кейбіреулер мұны қалыпты жағдайға балайды, ал мамандар не дейді? Көпшіліктің секемі дұрыс па? Көне кешенді қалай сақтап қаламыз?

Жандос Жұмабек, тілші:

- Ел арасында соңғы жылдары «мавзолей маңын жасанды абаттандырудың салдарынан кесене қабырғалары ылғал тартып, күмбездің беткі қабаты қопси бастағаны» жайлы жиі айталады. Расында Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қауіп төніп тұр ма? Бұған ғалымдар не дейді? Зерттеу жұмыстары қашан басталады және оған кімдер қатысады? Біз бүгін осы сауалдардың жауабын бірге іздейтін боламыз.

Расында қазір кесененің күмбезі мен кей бөлмелерінің қабырғалары ылғал тартып, тұзданып тұр. Бұрын мұнда зиярат жасап келгендер Тайқазанды қолымен ұстап көре алатын. Ал қазір туристердің төбесіне сылақ түсіп кетпесін деп, оның аумағын қызыл лентамен қоршап қойған. Кесененің мұндай күйі туристерді де алаңдатып отыр.

Абдулла Халық, зияратшы:

- Негізі алдында келгенімізде бұндай дуалдан зәкті көрмегенбіз. Негізі мұны дәлелдеу керек, содан ба, басқадан ба? Ауа рауынан ба? 

Ортағасырлық сәулет өнерінің бүгінгі жай-күйін парламент депутаттары көтерді. Мәжілісмен Мақсат Толықбай үкіметке Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің мүшкіл жағдайына қатысты сауал жолдаған болатын. Мәдениет және спорт министрілгі биыл «Кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстарына» 317 млн теңге бөліп отырған хабарлады. Алайда депутат бұл қаржы қатаң қадағалануы тиіс деп отыр.  

Мақсат Толықбай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Оған біздің мамандардың шамасы жете ме, жоқ әлде Иран сияқты басқа мемлекеттерден де біз мамандар таруымыз керек пе? Бірлескен үлкен жұмыс болуы керек. Біз осыны бақылауымыз керек, үндемей отырсақ, қорқыныш бар, ертең бөлінген ақшаның өзі талан-таражға түсіп кете ме деп.

Кесене қабырғасының ылғалдануы бүгін туған проблема емес. Белгілі сәулетші Еркін Жүсіп өткен ғасырдан бері зерттеліп келеді дейді. Оның айтуынша, орта ғасырларда ауқымды ғимарат салғанда жерасты суын тоқтату үшін қамыс пен лай балшықты гидроизолияция ретінде қолданған. Кеңес заманында кесене айналасында жерасты суын реттеп отыратын дренаждар мен бірнеше ұңғымалар қазылған. Қазір олар бітеліп, істен шыққан болуы керек деп топшылайды.

-Еркін Жүсіп, Түркістан облыстық сәулетшілер одағының төрағасы:

- Шыны керек, қазір ол істеп тұр ма, жоқ па ол жағын білмеймін. Дренаждардың жұмыс істемейтініне мен өзім сенемін. Осының барлығы жасалып жатқан тірлік мен көріп отырған жоқпын десем, мен қателеспеймін.

Осынау терең тарихы бар кесененің келбетін сақтап қалу үшін болжам емес, нақты ғылыми есеп керек. Жөнге келтіру ісіне мемлекеттік тапсырыс негізінде «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорны жауапты. Мамандар ғылыми зерттеуді былтыр бастап кеткен.

Исабек Нұрмағамбетов, "Қазқайтажаңарту" РМК Бас директорының орынбасары:

- Онлайн режимінде қазір ақпарат келіп тұр. Бір дачикті ашып қарасақ мынау қызыл көрсеткіш - бұл ылғалдылық, қара көрсеткіш температураны қазір 24 сағат көрсетіп тұр. ресейдегі реставрация ғылыми зерттеу иниструты мамандарымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Олар өздерінің ұсынысын айтады.

Ахмет Яссауи кесенесі бүкіәлемдік мұра. Сол себепті де кешендік жөндеу жоспары түзілген.

Жанат Сейдалиева, ҚР Мәдениет және спорт министрілігі мәдениет комитетінің басқарма басшысы:

- Су қауіпсіздігі институты дейді, ботаника фитоинтродукция институты дейді, қазақ құрылыс сәулет иниституты соларды тарту арқылы жан-жақты тағы да зертеулер жүргізіледі.

Архитекторлар кесененің кейбір қабырғаларының тұздануы - сол маңдағы абаттандыру жұмыстарына қатысы жоқ дейді. Себебін ғалымдар анықтайды деген ойда. 

Еркін Жүсіп, Түркістан облыстық сәулетшілер одағының төрағасы:

- Өйткені олардың барлығы себелеп беретін сулар, ол 10-15 см ғана қара топыраққа сіңетін су. Әрі қарай баратын су жоқ. Оның бәрі кеуіп кетеді, сіңіп кетеді. «Анау айтты, мынау айтты» деген нәрселер болмауы керек. Комиссия құрылып, барлығы толық зерттелуі керек.

Облыс орталығы статусы берілгелі киелі Түркістан түрленіп шыға келді. Құрылыс жанданды, адам саны өсті, көлік көбейді. Жасылдандыру жұмыстары жүргізілді. Мамандар осының барлығы кесененің қалпына әсер ететінін айтады.

Исабек Нұрмағамбетов, «Қазқайтажаңарту» РМК Бас директорының орынбасары:

- Дегенмен, 3-4 проблемасы бар. Ол ең үлкен қазандық бөлмесіндегі күмбездің техникалық жағдайы, мешіт бөлмесіндегі астыңғы қабырғалардың ылғалдануы және кіре-беріс порталдың астының тұздануы. Жылу алмасу режимі дейді – ол кезкелген жылытылмайтын ескерткіштердің жалпы проблемасы.

Бұл жұмыс ә дегенде біте қалатын оңай шаруа емес, уақыт керек. Мәдениет министрлігінің шамалауынша, жөнге келтіру 2 жылда созылады. 

Жанат Сейдіалиева, ҚР Мәдениет және спорт министрілігі мәдениет комитетінің басқарма басшысы: 

- Биыл бір керемет нәтижесін шығарып береміз деген ол мүмкін емес.

Кесененің тарихи құнды жәдігер екеніне күмән жоқ. Тек мамандар сәулеттің сәнін келтіру ісінде салдыр-салақтық танытпаса болғаны. 

Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш