Қостанайлық оқушылар тыңайтқышты өзі себетін құрылғы ойлап тапты

Қостанайлық оқушылар егістік алқаптарға тыңайтқыш сеуіп, өңдеудің жаңа әдісін біледі.

Мобильді механизмнің жаныныда адамның жүруі міндетті емес. «Ақылды» құрылғының қоршаған ортаға да зияны жоқ әрі өнімнің де түсімін ұлғайтады. Электр қуатымен интернет арқылы басқарылады. Әрі жанар-жағармайды үнемдейді. Оның пайдасын диқандар тақау арада көре алады. Яғни көктемгі дала жұмыстарында сыналады. Жас өнертапқыштар құрылғыны одан әрі жетілдіріп, тиімділігін арттыра түсуді көздеп отыр.   

Сергей Трефилов, физика-математика лицейінің оқушысы:

- Біздің есептеуімізше, 40 гектар жерге 12-13 мың теңге дизель отыны қажет. Ал біздің құрылғымен осы көлемді өңдеуге бар-жоғы 77 теңге жұмсалады. Яғни үнем 180 еседен асады. Қазір нарықта бәсекеге қабілетті болатын дайын механизмді жасаудамыз. Ол өзіне 3-4 тонна сепкіш сұйықтығын толтыра алады.