Алматы облысында бүтін бір отбасынан айырылған әйелдің жағдайы жақсарып келеді.
Ол 4 мамырда Қарасай аудандық көп салалы ауруханаға түскен еді. «Емнің нәтижесінде әйелдің жағдайы тәуір болды» деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Еске салсақ, бұған дейін бір отбасының 5 мүшесі өз үйлерінде иіс тиіп қайтыс болған еді. 39 жастағы азамат 4 баласымен көз жұмған.
Нұрсұлтан Жүзбеков, Қарасай аудандық көп салалы аурухананың бөлім меңгерушісі:
- Науқасты жалпы бүгін общий палатаға саматика бөліміне ауыстырамыз. Егер жағдайы осылай тұрақты, қалыпты болатын болса мүмкіндігінше 3-4 күнде не болмаса 5 күнде ауысуы мүмкін.
