Еңбекшіқазақ ауданында алма бақтарының аумағы ұлғайды

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында интенсивті алма бақтың көлемі ұлғайды.

Жалпы бұл аудан жеті мың гектарға жуық аумақта алма өсіреді..

Шаруалардың түпкі межесі - апорт өсіру. Жеміс пен көкөністі сақтау  үшін қосымша қоймалар да керек.

Алмас Садуақас, тілші:

- Аудандағы жалпы интенсивті бақ көлемі 2200 гектардан асады. Бұл көрсеткіштің жылдан жылға ұйлғайып келе жатқаны қуантады әрине. Қазіргі уақытта ағаштарды дәрілеу процесі жүріп жатыр. 

Шаруа қожалығына тиесілі бұл алма бақтың жалпы көлемі 100 гектар. Мұнда алманың бес түрі өседі. Былтыр жиналған өнім көлемі 3 мың тоннадан асқан. Дегенмен, биыл ауа райы салқын болып тұр. Сондықтан агротехникалық амалдарды уақытылы орындау керек. 

Жолтай Әбенов, агроном:

- Қазір химобработка болады суық, аязға қарсы. Қазіргі минус температурада. Задымление жасаймыз түнде. Болашақта апорт, груша болашақта жасаймыз.

Интенсивті бақтың өнімділі жоғары болғандықтан шаруалар осыған көшіп жатыр. Ауданда өсірілген алманың 30% пайзы шетелге экспортталса, қалғаны ішкі нарықта қалады. Алма өсіремін деген шарулар үшін мемлекеттік субсидия беріледі. Онгың өз талабы бар. 

Бауыржан Бименов, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары:

- Егер интенсивті бақ отырғызатын болса 5 гектардан жоғары инвестсубсидия дейді. Бір баққа өзінің шыққан шығынының 40-50% дейін мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп қайтарылып беріледі. 

Алма өсіретін отыздан астам шаруа қожалығы мемлекеттік субсидия көмегіне жүгінеді. Дегенмен, өткен жылы ауданда бір ғана көкөніс сақтайтын қойма салынған. Ал сапалы сақталған жеміс ішкі нарық сұранысын  қамтамасыз етудің кепілі. Жалпы еліміздің әр тұрғыны жылына 20 кг алма тұтынуы керек-ті. Жергілікті шарулар қосымша қойма салудың маңыздылығын түсінеді. Еңбекшіқазақ ауданында жылына 35 мың тонна сақтайтын жиырма қойма жұмыс істейді. Болашақта фермерлер апорт өсіруді жоспарлайды. Әзірге оның көлемі 300 гектардан аспай тұр.

Алмас Садуақас, Аят Дүйсембаев